Ғарыш аппараты жоспарда белгіленген уақыттан ешбір ауытқымай дәл мезгілінде Арқалық өңіріне түсті. Федералдық ғарыш агенттігінің төрағасы Анатолий Перминов 17-ші экспедицияның өте сәтті аяқталғандығын хабарлады.
- Барлық жүйе тиянақты жұмыс істеді. Әрине, біз қатты абыржыдық, оған да себеп жоқ емес еді. Өйткені соңғы екеуінде баллистикалық жағдай тіркелген. Комиссияның осыған байланысты туындаған кешенді шараларының бәрін, тіпті артығымен орындадық десе де болады. Соның арқасында бүгін ғарыш аппараты аса сәтті қонды, - деді А. Перминов.
Оның пікірінше, есептеудің дұрыс болғаны сонша, қону уақытында титімдей қателік болған жоқ. Экипаждың жағдайы жақсы.
- Космонавтика тарихында алғаш рет, екі ғарышкер: америка азаматы Ричард Гэрриот пен Сергей Волковты Жерде әкелері күтіп алды, күтушілердің екеуі де ғарышкерлер. Міне, бүгін осындай екі әулет Қазақстан жерінде кездесті. Аса тебіреністі жағдай, мұндай сәт әлі талай қайталанар деп үміттенемін, - деді А. Перминов.
Ғарышкерлер алдымен тікұшақпен Қостанай қаласына жеткізілді. Дәстүрлі жол бағыты бойынша сол жерден ғарышкерлер Мәскеу түбіндегі жұлдызды қалашыққа жоспарда белгіленген уақытта жетті. Экипаж командирі Сергей Волковтың қуанышында шек жоқ:
- Іздеуші топ бізбен байланысқа шығып, қай жерге орналасқанымызды хабарлады. Сол кезде-ақ біз сәлден кейін үйде болатынымызды сезіндік. Әрине, аппарат түскен кезде жылдамдық күшімен екі аударылып, қақпақ жағымен тұрып қалды. Бірақ құтқарушылар оны тез орнына қойып, 20 минуттан соң біз таза ауамен тыныстадық, - деді ғарышкер Сергей Волков.
Халықаралық ғарыш станциясына аттанатын кезекті 18-ші экспедицияның құрамында қазақ ғарышкері де болуы мүмкін. Сергей Перминовтың айтуынша, бұл мәселе қазіргі таңда талқыланып жатыр.
Қазанның 24-і күні Астана уақытымен 9 сағат 37 минутта «Союз ТМА-12» ғарыш кемесі МКС-17 экипажымен Қазақстандағы Арқалық өңіріне сәтті қонды. Ресей федералдық ғарыш агенттігінің басшысы Анатолий Перминовтың хабарлауынша, экипаж құрамындағы Сергей Волков пен Олег Кононенконың, сондай-ақ әуесқой ғарышкер Ричард Гэрриоттың жағдайлары жақсы.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы