Бақанас пен Талдықорған арасындағы тас жолда бірнеше тосқауылға тап болып, соттың басталуына кешігіп барып жеткен марқұм Қанат Молдабаевтың анасы – Райхан сотта өзінің Жовтисті кешіретіндігін мәлімдеді.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, залда Райхан Молдабаева өз сөзіне «Мен Жовтисті кешірдім», -деген сөзбен бастаған. Марқұмның анасын тыңдаған сот төрағасы Ерхан Тотыбайтегі, Жовтистің адвокаты Виталий Вороновтың жасаған бірнеше өтінішін де тыңдады. Алайда оларға қатысты қандайда бір шешім шығару үшін шамамен түскі сағат 15.30-дарда үзіліске шығып кетті.
Адам құқын қорғаушы Евгений Жовтистің өзін 4 жылға бас бостандығынан айырған бірінші сатыдағы соттың үкіміне қарсы берген аплляциялық шағымын қарап жатқан Алматы облыстық сотының Талдықорғандағы апелляциялық алқасы Жовтистің өзінің қатысуынсыз өтуде. Біздің Талдықорғандағы біздің тілшілеріміз осылай деп хабарлады.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, сот залына тек фото және виде түсіретін тілшілер ғана жіберілген. Ал қалған тілшілер, Алматыдан арнайы барған адам құқығын қорғаушылар, қоғамдық ұйымның өкілдері және оппозициялық партиялар «сот залында орын жоқ» болғандықтан ішке кіргізілмеді, олардың біразы сот кеңесуге шыққан үзілістен кейін процесс қайта басталғанда ішке кіре алды.
Оппозиция көсемдерінің бірі Болат Әбіловтің сөзіне қарағанда, төрағалық етуші судья Е.Жовтисті сот залына алып келу туралы оның адвокаты Виталий Вороновтың өтінішін қанағаттандырмады.
Б.Әбіловтің хабарлауынша, прокурор Жовтисті қорғаушылардың барлық өтініші мен қаза тапқан жолаушының анасының өтінішіне де қарсы шықты.
Апелляциялық алқа мәжіліске қатысушылардың пікірлерін тыңдалған соң, жарты сағаттық кеңесу үзілісін жасап, сот ісі қайта жалғасты.
Адамның құқы мен заңдылықтардың сақталуы бойынша халықаралық қазақстандық бюроның директоры Евгений Жовтис – биылғы жылы қыркүйек айында жол жүру ережесін бұзу арқылы кісі өліміне себепкер болды деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Көптеген халықаралық және қазақстандық ұйымдар бұл үкімнің әділетсіздігін айтып, наразылық танытқан еді.
Талдықорғанда адам құқын қорғаушы Евгений Жовтистің шағымын қарап жатқан Алматы облыстық сотының апелляциялық алқасы Жовтистің өзінің қатысуынсыз өтіп жатыр. Сотта жарыссөздер аяқталып, судья үкім шығарар алдындағы кеңесуге кетті.
Ұқсас
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы